Жаңалықтар

Көшпенділер ойындары: Түркістаннан «Бірлік керуені» елордаға аттанды

Көшпенділер ойындары: Түркістаннан «Бірлік керуені» елордаға аттанды
Фото: Түркістан облыстық әкімдігі 31.08.2024 05:34 1699

Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осыған байланысты Түркістан облысынан «Бірлік керуені» жобасы ұйымдастырылып, түркістандық керуен елордаға жолға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, торсықты теңге ілуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия, әлем чемпионы, ҚР чемпионатының 10 дүркін, ересектер арасында ҚР чемпионатының 15 дүркін жеңімпазы, ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі Ғалымжан Изжановқа тапсырды. Қатысушыларға жеңіс тіледі.

Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының өту бағыты спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламалар бойынша жүзеге асады. Сондықтан, маңызды шараның өтуіне өңір спортшылары ғана емес, мәдениет және ғылым өкілдері де атсалысатын болады.

Бұл жобада әр облыстың белігілі спортшылары бастаған керуен жергілікті жердегі қасиетті бұлақтар мен құдықтардан су алып, арнайы торсықпен Астана қаласына жеткізетін болады.

Осыған орай, су алу рәсімін өткізуде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіндегі Құдықханабұлақ көзі таңдалып отыр. Қазір ғана біздің спортшыларымыз бастаған арнайы топ құдықхана ішінен су алып, алдарыңызға келді. Мен осы орайда, көшпенділер ойындары өтетін негізгі алаңға облыстың ыстық сәлемін, қасиетті суды жеткізетін керуенге сәттілік тілеймін! Бұл додада ел намысын қорғайтын облыс спортшылары қуантарлық нәтиже көрсетеді деп сенемін, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары спорттың 21 түрі бойынша өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы, бапкерлер мен өкілдер қатысып, негізгі жүлделерді сарапқа салмақ. Оның ішінде спорттың 13 түрі бойынша Қазақстан құрамасының сапында Түркістан облысынан 29 спортшы қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға