Жаңалықтар

Көшпенділер ойындары: билет құны анықталды

Көшпенділер ойындары: билет құны анықталды
Фото: Астана қалалық әкімдігі 05.09.2024 18:14 557

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ересектерге арналған билет бағасы 500 теңгеден бастап 15 000 теңгеге дейін жетеді. Сайыстарға кіру билеттерінің орташа құны - 3600 теңге. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, оқушыларға жеңілдіктер мен арзандатылған бағалар қарастырылған. Бұл туралы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев айтты.

Сайыстар өтетін «Этноауыл», «Қазанат», «Арғымақ» спорттық алаңдарына арнайы автобустар қатынайды. Автобустар сағат 8:00-21:00-ге дейін «Астана Арена» стадионы, ЭКСПО және Республикалық Бас мешіт аумағынан тегін тасымалдайды.

Дүбірлі додада ел намысын  216 спортшы қорғайды.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні сағат 19.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға