t.me/worldnomadgames2024

Көшпенділер ойындары: Аударыспақтан ел құрамасы Алатау бөктерінде дайындық жүргізуде

03.08.2024 04:24

Аударыспақтан ұлттық құрамамыз Алатау бөктерінде орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында дайындалуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясындағылардың айтуынша, 29 шілде басталған оқу-жаттығу жиыны 11 тамызға дейін созылады. Еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік деп танылған 12 аударыспақшы жоспар бойынша қызу дайындалуда. Оның ішінен алтауы іріктеліп алынып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында елімізді таныстырады.