© El.kz

Көшенің қақ ортасында есірткі шеккен шымкенттік ұсталды

Шымкентте Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажын хабардар еткен.

Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады.

Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.

ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.

24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.