Жаңалықтар

Көршісі қандала улаған: Екі бала көз жұмды

Көршісі қандала улаған: Екі бала көз жұмды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 22.10.2023 20:47 861

Ақтауда қандалаға қарсы улаудан көрші пәтердегі 2021, 2022 жылы туған балалар көз жұмды. Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21 қазан сағат 8:50-де 102 кезекші пультіне 7 шағын аудандағы үйлердің біріне шақырту келіп түскен.

Шақыртуға жедел-тергеу тобы шықты. Мән-жайды анықтау барысында пәтерден 2021 және 2022 жылғы кәмелетке толмаған балалардың мәйіті табылды. Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді, - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметінше төменде орналасқан көрші пәтер иесі үйін улаған.

Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 304-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Сараптама тағайындалып, оқиға орнына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары барған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға