10 Қыркүйек, 16:24

Көрпе рекорды

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны барысында ерекше рекорд тіркелді. Спортшылар емес, қолөнершілер қазақ атын әлемге танытты. 450 құрақшы бір мезетте 450 құрақ көрпе тігіп, Гиннес рекордын жаңартты. 19 аймақтан жиналған құрақшылардың ең жасы 8 жаста болса, ең үлкені 85 жаста екен.

Шеберлердің қолынан шыққан көрпелердің өлшемі бірдей. Олардың жалпы ұзындығы 2 жарым мың метр болса, ені 90 сантиметр. Бәрін бірге жайған кезде ауданы 450 шаршы метрдей болады. Осылайша үлкен кілем төсегендей әсер қалдырады. Былтыр 200 құрақшы Гиннес рекорд кітабына енген. Биыл өз рекордтарын жаңартып отыр.

Бөлісу: