pixabay.com

Коронавирус инфекциясынан 796 адам емделіп жатыр

12.11.2022 10:41

12 қарашадағы мәлімет бойынша, 796 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 79 пациент стационарда, 717 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды El.kz.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 7 адамның жағдайы ауыр,
  • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.