Көрнекті қаламгер Қайым-Мұнар Табеев өмірден озды
10.09.2025 23:12
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Көрнекті қаламгер, көсемсөз шебері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеев өмірден озды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қайым-Мұнар Табеевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.
Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосып, ел руханияты жолында қалтқысыз қызмет етті. Оның қаламынан туған мақалалары, Желтоқсан оқиғасы туралы зерттеулері, сондай-ақ ұлттық әдебиетіміздің қазынасын байытқан шығармалары ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Ұлтына адал қызмет еткен абзал азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай,-делінген көңіл айту хатында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

