ҰОК / Сали Сабиров

Көркем гимнастикадан Эльжана Таниева финалдан сырт қалды

08.08.2024 23:46

Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталып, финалға шыққан спортшылар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған спорт түрінен Қазақстан намысын Эльжана Таниева қорғаған болатын. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 13- орын иеленіп, финалдан сырт қалды. 

Ол төрт жаттығу қорытындысы бойынша 126.600 ұпай жинады.

Айта кетелік, Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан тек көпсайыс нәтижесі бойынша ғана жеңімпаздар анықталады. 

ҰОК / Сали Сабиров

Іріктеуге қатысқан 24 гимнастың ішінен тек 10 спортшы ғана ақтық сынға жолдама алады.