Жаңалықтар

Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ақтөбедегі Достық үйінде болды

Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ақтөбедегі Достық үйінде болды
06.12.2019 16:09 2521

Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэсик Ким мырза Ақтөбедегі Достық үйінде өңірдегі корей этносының өкілдерімен кездесті.

Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ақтөбедегі Достық үйінде болды

«Ақтөбе облысы кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К. Цхай корей делегациясын сан ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына біріктірген Достық үйімен, ондағы корей этномәдени бірлестігінің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ақтөбедегі Достық үйінде болды

Бұдан әрі жүздесу дөңгелек үстел шеңберінде жалғасып, Ким мырза ақтөбелік кәрістермен емін-еркін түрде сұқбаттасты.

Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ақтөбедегі Достық үйінде болды

«Алдымен тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ жеріне жер аударылған ата-бабаларымызды сыртқа теппей, құшағын кең жайып қарсы алған қазақ бауырларыма алғыс айтамын. Бүгінде Қазақстандағы корей этносының өкілдері тату-тәтті, бейбіт күн кешіп жатыр. Мұның барлығы тәуелсіз елде барлық ұлттың мүддесін тең ұстап, Қазақстан халқы Ассамблеясы деген теңдессіз бірлестікті құрған ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың сүбелі еңбегі деп білемін», - деп атап өтті Елші.

Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ақтөбедегі Достық үйінде болды

Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н. Ағниязов Кореяның Қазақстандағы Өкілетті Елшісіне қазақтың ұлттық домбырасы бейнеленген қолөнер туындыны сыйға тартып, алғысын білдірді.

Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ақтөбедегі Достық үйінде болды

Одан әрі кездесу облыстық корей ЭМБ-нің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ақтөбедегі Достық үйінде болды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға