Корея президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
07.06.2024 10:32
Фото:
Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

