Жаңалықтар

Корей қауымдастығының құрылғанына 25 жыл

Корей қауымдастығының құрылғанына 25 жыл
20.11.2019 12:48 3518

Достық үйінде Жамбыл облысы бойынша «КОРЕ» корейлер қауымдастығы өзінің 25-жылдығын атап өтті. Әр жыл сайын күз мезгілінде этнос күнін атап өтетін корей халқы осы жылы өздерінің 25 жылдықтарын тойлады.

Салтанатты кешке Жамбыл облысының "КОРЕ" корейлер қауымдастығының Вице-президенті Кан Анатолий Лаврентьевич, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ким Ирина Алексеевна, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі Ан Антонина Анатольевна, сондай-ақ «Ноиндан» ақсақалдар кеңесі және корей этносының өкілдері мен жастары қатысты.

Корей қауымдастығының құрылғанына 25 жыл

Концертте «Ариран» өнер мектебінің әртістері өнер көрсетті. Дәстүрлі стильдегі корей музыкалық қойылымы бірінші секундтан бастап көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Ноиндан» ақсақалдар кеңесінің төрағасы И.Хе құттықтау сөз сөйлеп, қауымдастықтың 25 жылда қол жеткізген жетістіктері мен нәтижелерін атап өтті. Ақсақалдар кеңесінің және бір мүшесі А.Пак корейлердің Қазақ жеріне келу тарихынан сыр шертті.

Жамбыл облысының «КОРЕ» корейлер қауымдастығының Вице-президенті А.Кан қонақтарға алғыс айтып, осы жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Биыл кәріс этносы «Сэроун Мирэ» корей жастарының қозғалысын және «Ариран» өнер мектебін құрған болатын.

Мерекелік концерттің салтанатты бөлімі корейлердің дәстүрлі ұлттық биімен басталды. Кеште сондай-ақ, корей этносының ұлттық аспаптарымен түрлі музыкалық шығармалар орындалды.

 

Бөлісу:

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға