Жаңалықтар

"Көре алмайтындар көп". Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасып кеткен бе

"Көре алмайтындар көп". Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасып кеткен бе
Фото: instagram.com/zhuldizay_duisenbieva 21.12.2023 15:49 7780

«Шаншар» театры арқылы елге танымал болған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасу туралы сұрап жүргендергі «1001 түн» бағдарламасында жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жолдасы қазіргі уақытта жұмыс бабымен Сарыағашта өз үйінде тұрып жатыр.

Өмірге Өмірсерік мені жылату үшін келген жоқ. Жолдасыма өмірде разымын. Көре алмайтындар көп. Содан осы әңгіме шығып кеткен. Дәл қазіргі сәтте Өмірсерік Сарыағаш қаласында жұмыс істеп, өзінің үйінде тұрып жатыр. Құрылыс компаниясында істейтіндіктен, жұмысы солай. Бәрі келісім-шартпен жүреді. Соны біреулер ойластырып, Сарыағашта жүргеніне ажырасып кетіпті деп жүр, - деп жауап берді ол.

33 жасқа келіп тапқан күйеуінен ажыраспайтынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға