Жаңалықтар

«Көре алмаушылық». Азамат Сатыбалды шеруге шыққан аниматорларға жауап берді

«Көре алмаушылық». Азамат Сатыбалды шеруге шыққан аниматорларға жауап берді
Фото: instagram.com/azamatc 18.07.2024 03:47 7159

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында өзіне қатысты өткізілген шеруге қатысты мәлімлеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері бір жылдан бері еңбекақыларын ала алмай, наразылық шеруге шыққан. Аниматорлардың қара терге батып бірнеше жыл бойы істеген туындыларының бірі — «Алтын адам» атты толық метрлі мульт жобасы былтыр толық аяқталыпты. Бірақ мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген. Еңбекақысын күте-күте қарызға белшесінен батқан өнер адамдары бұл былықты басшылықтың ұйымдастырып отырғанына сенімді. Ал киностудия басшысы бұл әрекетті аяқтан шалу деп есептейтін көрінеді.

Ей, пендем. Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың. Соны ұмытпа. Жала жабу. Аяқтан шалу. Жұмыс жасатпау. Көре алмаушылық. Бір-екі күнде мақалам шығады. Толық жауап сол жақта болмақ. Аллаға аманат, – деп жазды Азамат Сатыбалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға