Жаңалықтар

Көпшіліктің сынына ұшыраған алжирлік боксшы өзінің жынысы туралы шындықты айтты

Көпшіліктің сынына ұшыраған алжирлік боксшы өзінің жынысы туралы шындықты айтты
Фото: GETTY IMAGES 11.08.2024 07:13 1505

Бокстан Олимпиада финалында қытайлық Ян Люді жеңіп, чемпион атанған алжирлік Иман Хелиф өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу үш раундқа жалғасып, төрешілердің ортақ шешімімен Хелиф жеңімпаз танылды (30:27). Иман осылайша Ойындардағы алғашқы алтынын иеленді.

Мен ерекше қабілетке ие мықты әйелмін. Шабуыл мен зұлымдық кампаниясының нысанына айналдым. Бұл менің соларға ең сәтті жауабым болды. Жауап қай кезде де шаршы алаңда болады. Менің турнирге қатысуға толық құқым бар. Себебі өзгелер сияқты мен де әйелмін. Мен әйелмін, әйел секілді өмір сүрдім, әйел ретінде жарысқа түстім. Бұл шабуылдардың бәрі менің табысыма ерекше әр береді, - деді Иман Хелиф.

Хелиф тайваньдық боксшы Линь Юйтин секілді 2023 жылғы әлем чемпионатынан шеттетілген еді. Халықаралық бокс федерациясының мәліметінше, олар гендердік тестілеуден өте алмаған. Алайда ХОК екеуіне де Олимпиадаға қатысуға рұқсат берген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға