Жаңалықтар

Конституциялық Сотта сотталғандардың шағымдары қаралды

Конституциялық Сотта сотталғандардың шағымдары қаралды
Фото: © Pixabay.com 19.07.2023 07:33 569

Конституциялық Сотта сотталғандардың шағымдарын қарауға байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 482-бабының конституциялылығын тексеру туралы конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды тыңдау бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өтініш авторы дауланып отырған норма «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңда көзделген білікті заң көмегіне қолжетімділікті шектейді деп есептейді. Арыз берушінің айтуынша, бұл оған Заңда көзделмеген сотқа жеке қол қою және шағым беру міндетін жүктейді, адвокатты ол үшін адвокаттық қызмет туралы заңнамада бекітілген құқықтан айырады, сотталған азаматтарға Конституциямен кепілдендірілген білікті заң көмегіне қол жеткізу үшін қосымша және еңсерілмейтін кедергілер жасайды.

Өтініштің мәні бойынша және істі жан-жақты қарау үшін КС судьялары ҚАЖ комитеті, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық және Республикалық адвокаттар алқасының өкілдерін тыңдады.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес жарияланатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға