Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
11.08.2025 09:51
Фото:
El.kz
Қазақстанда 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл бұл мереке сенбіге сәйкес келеді. Сәйкесінше, демалыс күні 30 тамыз сенбіден дүйсенбі, 1 қыркүйектің бірінші жұмыс күніне ауыстырылды.
Осылайша, қазақстандықтар Конституция күні былай демалатын болады:
- бес күндік жұмыс аптасымен – үш күн қатарынан: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
- алты күндік жұмыс аптасымен – екі күн: 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).
Тамызда барлығы:
- бес күндік жұмыс аптасында – 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні;
- алты күндік жұмыс аптасында – 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні.
Айта кетейік, енді ChatGPT-ден Қазақстан заңдары туралы сұрауға болады. Chat GPT платформасына қосылған Qazaq Law атты жаңа чат-бот қазақстандықтарға заң саласынжа кеңес беруге арналған. Ол қолданушы сұрақтарына еліміздің заңнамасына сүйене отырып жауап береді, әрі ресми тілдегі күрделі нормаларды қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіре алады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

