Жаңалықтар

Конкурс «Тіл шебері» собрал представителей этнокультурных центров в Петропавловске«Тіл шебері» конкурсы Петропавлда этномәдени бірлестіктері орталықтарының өкілдерін жинады

Конкурс «Тіл шебері» собрал представителей этнокультурных центров в Петропавловске«Тіл шебері» конкурсы Петропавлда этномәдени бірлестіктері орталықтарының өкілдерін жинады
24.09.2018 12:19 2090

Қыркүйек айында Петропавл қаласындағы Достық үйінде ең маңызды жоба - «Qazaqtany’» мектебі өз жұмысын бастады.

Этномәдени орталық өкілдері мемлекеттік тілді оқуға, сабаққа қатысу, іс-шараларға бару жолымен қазақ халқының мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды. Осылайша, 2018 жылғы 21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен этномәдени бірлестік өкілдері үшін мемлекеттік тілді білудің «Тіл шебері» конкурсы өткізілді.

Іс-шара қазақ халқының салты «Арқан кіру» басталды, ақсақалмен амандасқаннан кейін, игі тілектермен қонақтар үйге кірді. Одан әрі қатысушыларды ұлттық костюмдер киген қыздар «Urpaq» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбақша Мұсабаева «шашу» рәсімін өткізумен қарсы алды.

Жақсы көңіл-күймен қонақтар би флешмобына қатысты, олар хореограф артынан «Қара жорға» биін қайталап орындады. Бұл би көптеген түрік этностары арасында танымал. Қазақстанда жақында ғана танымал болса да, атқа мінген жас жігіттің атпен шабу өнерін толығымен келтіретін би.

Екі команда да қазақ тілін жақсы білетіндіктерін көрсетті, конкурс қорытындысы бойынша кубок және медальдармен марапатталды.

Қатысушылар іс-шараның қызықты форматын атап өтті, мемлекеттік тілді оқу үшін стандартты емес көзқарастардың маңыздығын атап өтті. Заманауи қоғамда қазақ тілін білу қажетті критерий екендігін түсінетін этномәдени бірлестіктерінің мүшелері сабақтарға жақсы көңіл-күймен қатысады, өздерімен бірге жаңа тыңдаушыларды ала келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға