ҰОК баспасөз қызметі

Конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі елордада өтеді

01.10.2025 20:12

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Қазір ұлттық құрама елордада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Одан кейін маңызды республикалық турнир басталады.

Қазақстан кубогы 13-15 қазан аралығында өтпек. Оның қорытындысы бойынша жаңа маусымда ел намысын қорғайтын және Олимпиадаға жолдама алу үшін Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінде сынға түсетін құрама жасақталады.

2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу төрт Әлем кубогы кезеңінен тұрады. Оның біріншісі 14-16 қараша аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында ұйымдастырылады. Екінші кезең 21-23 қарашада Канаданың Калгари қаласында өтеді.

Үшінші кезең Нидерландтың Херенвен қаласында 5-7 желтоқсан күндері өтсе, төртіншісі 12-14 желтоқсан аралығында Норвегияның Хамар қаласында болады.