Конференция лигасы: «Астана» сырт алаңда жеңіске жетті
27.10.2023 09:05
Фото:
Видеодан алынған кадр
«Астана» сырт алаңда Косовоның «Балкани» клубынан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Конференция лигасының топтық кезеңінің үшінші турының матчында қазақстандық клуб ойынның 7-минутында есеп ашты. Алғашқы голды Камо Оганесян салғанымен, 8-минутта алаң иелері есепті теңестірді - Эдвин Куц мергендік танытты. Үізіліске дейін «Астана» тағы бір рет қарсылас қақпасынан саңылау тауып, таблода алға шықты: кездесудің 23-минутында Абзал Бейсебеков қақпаны дәл көздеді.
Осылайша топтағы үш ойыннан соң «Астана» еншісінде үш ұпай бар.«Балкани» клубы да үш ұпайға ие.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы матчта «Астана» Хорватияның «Динамо» (1:5) клубынан ойсырай ұтылса, сонан соң чехиялық «Викторияға» есе жіберді (1:2).
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

