Жаңалықтар

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
Фото: ©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ 20.06.2023 17:00 2359

Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Бұл туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғасырдан бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғасырдан бастап қала орталығы Ясыға көшті”, - дейді.

Алайда, Түркістанның бүгінгі келбетіне қарап, көне қала деп айту қиын. Күннен күнге асқан жылдамдықпен дамып жатқан инфрақұрылымдар, бой көтерген зәулім сарайлар қаланы танымастай өзгертуде. Осы себепті, тілшіміз қайта жаңғырған заманауи Түкістаннан, көненің көзі мен XXI ғасыр игіліктері ұштасқан жаңа туристік қаладан фоторепортаж ұсынады.

Орталық Азия бойынша ең ірі "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешені қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті демалыс орындарының бірі. Аталған нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 га аумақта орналасқан. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді. Бұл ретте, барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы "қайық шеруі" атты театрландырылған шоулар өткізіледі.

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір. Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.

Қорық – мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Иассауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды.

Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы музейге айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. Ахмет Ясауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлденең – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 зал мен бөлме сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып тұр.

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Ахмет Ясауи университеті) — Қазақстандағы ең алғаш ашылған халықаралық жоғары оқу орны, түркі тілдес мемлекеттер арасында халықаралық мәртебеге ие болған, түркі әлемі жастарының басын біріктірген бірінші білім және ғылым ордасы.

Ахмет Ясауи университеті — түркі әлеміндегі бірегей университет. ЖОО-да әлемнің 17 елінен жиналған жастар мен 30 ұлт пен ұлыс өкілі білім алады. Қазіргі жаһандану жағдайында Түркі тілдес әлемді рухани біріктіруші білім беру орталығы ретінде Ахмет Ясауи университетінің идеологиялық маңызы зор.

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Ары қарай зерделей берсек, Түркістанның тылсым сыры ашыла одан әрі түсері анық. Түркістан – Есімхан, Тәукехан, Рабиға бегім, Қаз дауысты Қазыбек би сынды қазақ хандары, би-шешендері, сұлтандары мен батырларының сүйегі жатқан киелі қала. Тыныс-тіршілігі көзге жайбарақат болып көрінгенімен, тіршіліктің қайнаған қазаны осы қалада. Қастерлі шаһар күннен-күнге ұлтымыздың рухын көтеретін келешегі кемел Түркістанға айналуда.

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Көне мен жаңа ұштасқан қала. Таңғажайып Түркістан
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға