Жаңалықтар

Компьютерлік клуб меңгерушісі кассадағы 1,5 млн теңгені жымқырған

Компьютерлік клуб меңгерушісі кассадағы 1,5 млн теңгені жымқырған
Фото: Астана қ. Полиция департаменті 11.01.2024 22:45 748

Астанада компьютерлік клубтың меңгерушісі 1,5 млн теңгені иемденіп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аолицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында компьютерлік клубтың кассасынан ақша ұрлады деген күдікпен 20 жастағы жас жігітті анықтады. Полицияға клуб әкімшісі хабарлаған.

Оқи отырыңыз: 

Тергеу барысында жас жігіттің жарты жылдан астам уақыт бұрын компьютерлік клубтың меңгерушісі болып жұмысқа орналасқаны анықталған. Ол жұмыс істеген уақытында оңтайлы сәтті пайдаланып, кассадағы ақшаны өз иелігіне алып отырған. Сөйтіп 6 ай ішінде 1 миллион 500 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп үлгерген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда деп мәлімдеді Астана қалалық Полиция департаменті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға