Жаңалықтар

Компьютер: электр қауіпсіздігі

Бағдарламашының жұмысы электрлік қондырғылармен байланысты болғандықтан, олармен дұрыс жұмыс істей білу және электр тогының әсерінен қорғана білу керек.
13.12.2015 05:41 11363

Компьютерде микросызбалар өте тығыз орналасқан. Электр тогы сымдар мен детальдар арқылы өткен кезде олар қызады, яғни жылу бөлінеді. Жеке элементтер мен микросызбалар белгілі бір температурада, салыстырмалы ылғалдылықта және нақты электрлік параметрлерде жұмыс істейді. Осындай параметрлерден ауытқу болғанда, өрт туады.  Кабельдік сымдар өрт тудыратын орын болып есептелінеді, сондықтан оларды өрттен қорғайтын қабатпен қаптайды.

Компьютер: электр қауіпсіздігі

Өрт – үлкен зиян келтіретін, арнайы емес ошақ сыртында басқарылмайтын нәрсе. Электрлік емес өрттің басқы себебі  болып отпен абайсыз қарым-қатынас жасау, газдық-ауалық және булық-ауалық жарылыстар табылады. Электрлік жану – тұйықталу, электрлік қондырғыдағы электр тогының артуы, найзағай. 

Электр қондырғыларындағы өрттің себебін жою әр түрлі бағытта жүргізіледі:

- тұйықталудың алдын алу желіні дұрыс таңдау, эксплуатация монтажымен жүзеге асырылады;

- жылдам әсер ететін реле, ажыратқыштар, балқымалы сақтандырғыштар, автоматтандырылған ажыратқыштар түріндегі сызбаларды қорғауды қолданылады.

Кәсіпорынның тұтас алғандағы және жеке бөліктерінің өрт қауіпсіздігіне көп көңіл аудару керек, сондықтан оларда өндірісте қолданылмайтын қоқыс, қажет емес қағаздар және т.б. заттарды жинамау керек. Өрт болған жағдайда авариялық шығысты қарастыру қажет. Бөлмеде өрт сөндіргіш құралдар болуы керек, олар үнемі дайын болып тұруы керек. Сонымен бірге олардың жұмысқа қабілеттілігі тексеріліп отырылуы керек. Бөлмеде өрттік сигнализация орнатылуы керек. Олар да белгілі нормаларға сәйкес болуы қажет. Өрт шыққан жағдайда өрт бөліміне хабарлап және өрт сөндірушілер келгенше, өртті жою шараларын жасау қажет.  

Бағдарламашының жұмысы электрлік қондырғылармен байланысты болғандықтан, олармен дұрыс жұмыс істей білу және электр тогының әсерінен қорғана білу керек.

Электр тогынан қорғану шараларының көптеген түрі бар. Соның біреуі – электр қондырғыны жерлестіру. Қорғану жерлестіруі -  алдын ала қондырғыны жерге қосу арқылы жерлестіру немесе корпуста тұйықталу нәтижесінде және т.б. себептермен кернеуге түсетін, металдан жасалған, бойымен ток жүрмейтін бөліктерінің эквивалентімен жерлестіру. 

Қорғану жерлестіруінің қызметі – электр қондырғысының корпусына немесе бойымен ток жүретін бөліктеріне адам денесі тигенде электр тогының әсеріне шалығу қауіпін болдырмау. Қорғану жерлестіруінің әсер ету принципі – корпустың тұйықталуына байланысты болатын тиісу кернеуінің мәнін қауіпті болмайтын мәніне дейін төмендету. 

Ал бұл жерлестірілген  қондырғының потенциалын төмендету арқылы (адам табанының потенциалын жерлестірілген қондырғының потенциалына дейін арттыру есебінен) жүзеге асырылады.

Сонымен бірге нөлдеу деп аталатын электр тогынан қорғану өлшемі бар.   Корпусқа немесе электр қондырғының  бойымен ток жүрмейтін металл бөліктеріне адам денесі тигенде электр тогына шалыну электр қондырғысын желіден айыру және жерге қатысты корпустың кернеуін төмендету арқылы болдырылмайды. Нөлдеу тәсілі осындай мақсатқа жеткізеді.

Нөлдеу – бойымен ток жүрмейтін металл бөліктерді нөлдік қорғау сынымен алдын –ала қосу. Нөлдік қорғау сымы деп нөлденген бөлікті ток көзінің жерлестірілген нейтраль нүктесімен қосатын сымын немесе  эквивалентін айтады. Нөлдеу принципі – қорғауды іске қосатын және зақымдалған электр қондырғысын қоректену көзінен автоматты түрде ажырататын тұйықталуына негізделеді.

Сонымен бірге қорғау мақсатында ажырату құралы болады. Қорғау мақсатында ажырату – электр қондырғыда адам өміріне қауіп туғанда оны өшіруді қамтамасыз ететін қорғау. Мұндай қауіп фазаның корпуста тұйықталуы, тағайындалған мөлшерден желі изоляциясын төмендету кезінде пайда болады. Осындай қорғау тәсілінің негізгі элементі болып қорғау мақсатында ажырату құралы және автоматты  ажыратқыш табылады. 

Қорғау мақсатында ажырату құралы – кіріс шамаларын қабылдайтын, оның өзгерістеріне жауап беретін және берілген мәнде берілген мәнде қондырғыны сөндіру туралы сигнал өндіретін  жеке элементтер жиынтығы.

Осындай элементтер болып төмендегілер табылады:

- датчик – сырттан әсерлерді қабылдайтын құрылғылардың кіріс буыны және осы әсерді сигналға түрлендіретін құрылғы;

- күшейткіш – қуаты төмен болған кездегі датчик сигналын күшейту құралы;

- бақылау тізбектері – қорғау ажыратқышы жұмысын үнемі тексеріп отырады;

- қосымша элементтер электр қондырғының күйін сипаттайтын сигналдық шамдар мен өлшеуіш құралдар.

Автоматты ажыратқыш – жүктемені тізбектен ажырату және қосуға арналған және қысқа тұйықталу кезінде қолданылатын аппарат. Приборды қорғау мақсатында  сөндіру туралы сигнал түскен кезде ажыратқыш оны автоматты түрде тізбектен үзеді.

Электр тогынан қорғанудың басқа да әртүрлі электрлік қорғау құралдары бар. Олар 3 топқа бөлінеді: оқшаулайтын, қоршайтын және сақтайтын. Оқшаулайтын қорғау құралдары – адамды жерлестірілген немесе ток бойымен жүретін бөліктерден оқшаулатады. Олар негізігі және қосымша болып екіге бөлінеді.

Негізгі – электр қондырғының жұмыстық кернеуін ұзақ уақыт ұстауға шыдайтын изоляциядан тұрады. Сондықтан олармен бойымен ток жүретін бөліктерге түйісуге болады. Оларға қуаты 1000 Вт-қа дейінгі электр қондырғылары жатады: диэлектрлік бессаусақтар, оқшаулайтын штангілер, оқшаулайтын және электрлікөлшейтін кенелер; қуаты 1000 Вт-тан артық қондырғылар – оқшаулайтын штангілер және электрлікөлшеуіш кенелер, қуаты 1000 Вт кезінде жөндеу жұмысын істей алатын құралдар.

Қосымша – электр қондырғының жұмыстық кернеуіне шыдай алмайтын изоляцияға ие болады. Сондықтан олар өз бетімен кернеу әсерінде тұрған адамды қорғай алмайды.

Олардың міндеті – өзімен бірге қолданылатын негізгі және оқшаулайтын құралдардың қорғау әрекеттерін күшейту, негізгі қорғау құралдарын қолданғанда бір ғана қосымша қорғау құралдары қолданылады.

Міндетті түрде номиналды мәні құрылғыға техникалық шартпен (ТШ) сәйкес болатын стандартты ұстағышта желілік сақтандырғышы пайдалануы керек. Сонымен бағдарламашы ПЭЕМ-мен жұмыс жасайтындықтан, ал ПЭЕМ электро қондырғы болғандықтан, оған ТШ-ға сәйкес ПЭЕМ-ге электро қауіпсіздіктің барлық параметрлерін қарау талап етіледі. Көрінетін жақын жерде медикаменттерімен аптека орналасады.  Қызметкер өрт қауіпсіздігінің ережесінің шегін қарауға алдын-ала ескертілген, ғимараттағы өрт эвакуациясының жоспарымен, сонымен қатар өрт кезіндегі ережемен танысады.

Қай елде болмасын қазіргі ақпараттық технологиялар қолдану мен дамыту деңгейі, материалдық базасының дамуымен қатар, ең алдымен, қоғамның интеллектуальдық деңгейімен, жаңа білімді жинақтау, меңгеру және қолдана білу қабілетімен анықталады. Барлығы сайып келгенде, елдің білім жүйесінің даму деңгейімен және білімді ақпараттандыру проблемасымен байланысты. Осыған орай, білім беруді ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның және мәдениеттің жедел дамуын анықтайтын түйінді шарты болып табылады.

Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. 

Кәciпорынның тұтаc алғандағы және жеке бөлiктерiнiң өрт қауiпciздiгiне көп көңiл аудару керек, cондықтан оларда өндiрicте қолданылмайтын қоқыc, қажет емеc қағаздар және т.б. заттарды жинамау керек. Өрт болған жағдайда авариялық шығыcты қараcтыру қажет. Бөлмеде өрт cөндiргiш құралдар болуы керек, олар үнемi дайын болып тұруы керек. Cонымен бiрге олардың жұмыcқа қабiлеттiлiгi текcерiлiп отырылуы керек. Бөлмеде өрттiк cигнализация орнатылуы керек. Олар да белгiлi нормаларға cәйкеc болуы қажет. Өрт шыққан жағдайда өрт бөлiмiне хабарлап және өрт cөндiрушiлер келгенше, өрттi жою шараларын жаcау қажет.


Балнұр САҒЫН

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға