Жаңалықтар

Компьютермен жұмыс жасайтындарға пайдалы 13 кеңес

Біле жүріңіз...
Компьютермен жұмыс жасайтындарға пайдалы 13 кеңес
26.03.2018 15:51 7733

Жұмысыңыз тікелей компьютермен байланысты ма? Арқаңыз ауырып, көзіңіз тала ма? Бұл проблемалардан құтылу үшін мынандай кеңестер береміз:

Жұмыс істейтін орныңызды өзіңізге ыңғайлы етіп жасап алыңыз.

Ноутбукпен 2 сағаттан көп жұмыс жасайтын болсаңыз, арнайы тіреуіш пайдаланыңыз.

Манитор мен көзіңіздің арасы кем дегенде 50 см болсын (қолыңызды созғандағыдай қашықтық).

Манитордың жоғары жағы көзіңізбен тұспа-тұс келсін.

Маниторға әйнектен сәуле шағылыспайтынын қадағалаңыз.

Егер мүмкін болса, маниторды 10-20 градусқа артқа қарай итеріп қойыңыз (бұл жерде сырттан сәуленің шағылыспауын басты назарда ұстаңыз).

Ал клавиатураның биіктігі сіздің тырнағыздың деңгейіндей болу керек (ал еңкейіп тұрса, орта тұсымен өлшенеді)

Өзіңізге ыңғайлы орындық таңдаңыз, ол міндетті түрде қозғалмалы болу керек.

Көзіңізді жиі-жиі демалдырып тұрыңыз. Ол үшін мына төмендегі жаттығуларды жасасаңыз болады:

1. 3 секунд көзіңізді қатты жұмып, сосын 3 секунд ашып тұрыңыз. Осылай 5 рет қайталаңыз.

2. 30-60 секунд уақыт шамасында тез-тез көзіңізді ашып-жұмыңыз.

3. Көзіңізді жұмып, сұқ саусағыңызбен, 30 секунд сағат тілімен жәймен уқалаңыз.

4. Ең маңызды жаттығулардың бірі – жақын тұрған зат пен алыс тұрған бір объект ұстап алып, алма-кезек қараңыз.

5. Осы жаттығулардан соң, қабағыңыздың айналасына аздап массаж істеңіз. Бұл жаттығуларды күніне 2-4 рет жасауға болады.

Арасында орныңыздан тұрып, арқа мен қол бұлшықеттерін жаттықтырып қойыңыз.

Қарап отырған объектіңіз (мейлі ол манитор, мейлі ол кітап) тура сізге  қарама-қарсы тұрсын, бұл сіздің басыңызды жиі бұра бермеуге ықпал етеді.

Бір орында отырып жұмыс жасағаннан сіздің организміңіз шаршайды. Сондықтан, отырған қалпыңызды жиі өзгертіп, маниторыңызды бұрып отырыңыз.

Компьютермен жұмысыңыз тығыз байланысты болса да, арасында үзіліс жасауды ұмытпаңыз. Сол секілді, манитордың алдында уақытыңызды аз өткізуге тырысыңыз.

ЕҢ БАСТЫСЫ - СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға