Коммуналдық төлемдерден қалай ақша үнемдеуге болады?
Тамыз айынан бастап еліміздің бірнеше өңірінде коммуналдық төлемдер тағы өскені туралы ақпарат пайда болды. Тағы бірер айда жылу үшін де тариф қосылатынын ескерсек, жаңа баға кейбір тұрғындарға ауыр соғуы мүмкін. Осы орайда ай сайынғы жарық пен су шығынын қалай азайтуға болатыны жайлы бірер кеңес бере кетсек дейміз, деп жазады El.kz интернет порталы.
Неліктен коммуналдық төлемдерді үнемдеу маңызды?
Коммуналдық қызметтерге жұмсалатын қаржыны азайту – бұл қаражатты тиімді пайдалану мен отбасылық бюджетті қорғау тәсілі. Мына қарапайым әдістерді қолдана отырып, әр отбасы тариф қаражатын орташа есеппен 8-15% дейін үнемдей алады.
Коммуналдық төлемдерді азайтудың 6 әдісі
Энергия үнемдейтін шамдарды қолданыңыз.
Заманауи LED-шамдар кәдімгі қыздырғыш шамдарға қарағанда шамамен 8 есе аз электр қуатын тұтынады. Ал олардың дейгейін өзіңіз таңдай аласыз.
Пәтерді артық қыздырмаңыз.
Ыңғайлы температура – 20-21 °C. Бұл, бір жағынан, жылуды қалыпта сақтаса, екінші жағынан, ақшаңызды үнемдейді. Арнайы термобаптағыштың көмегімен температураны реттеп, артық шығынды болдырмауға болады. Қыста да бөлмені жиі желдетуді ұмытпаңыз.
Құрылғыларды розеткадан ажыратып жүріңіз.
Теледидар, ойын приставкасы, қуаттағыштар мен кір жуғыш машинаны пайдаланбайтын кезде, оларды тоқтан ажыратқан жөн. Арнайы өшіргіші бар ұзартқыш (удлинитель) қолдансаңыз, сонда электр энергиясын 10%-ға дейін үнемдейсіз.
Бойлер мен кір жуғышты түнде қосыңыз.
Егер екі тарифті есептегіш орнатылған болса, онда суды жылытуды немесе кір жууды түнгі уақытқа қалдырыңыз, бұл әлдеқайда арзан түседі.
Жуынғанда, әсіресе тіс тазалап жатқанда суды ағызып қоймаңыз.
Ақылды крандар мен аэраторларды қолданыңыз.
Аэратор су ағымын азайтып, төлемдерді едәуір қысқартады.
Перде мен кілем қолданыңыз.
Қыста терезелерді пердемен жауып қойсаңыз, бөлмедегі жылуды жақсы ұстайды. Кілем тек сән үшін емес, еден температурасын де 2-3 °C жылы етіп тұрады.
Қорытынды
Күнделікті тұрмыстағы ұсақ үнемдер де отбасылық бюджетке айтарлықтай әсер етеді. Артық қалған ақшаны пәтерді сақтандыруға жұмсауға болады – бұл төтенше жағдайларда қаржылай қорғаныс береді.
Коммуналдық төлемдерді азайтудың осы лайфхактарын қолданып көріңіз. Нәтижесінде түбіртектердегі сома азайып, ал қалған қаражатты пайдалы мақсаттарға жұмсай аласыз.

