Жаңалықтар

Коммуналдық қызмет бағасы өсті: Зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетіле ме?

Коммуналдық қызмет бағасы өсті: Зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетіле ме?
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 17.08.2023 10:07 1020

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерлерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сол себепті бұл ақпарат жалған, - делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын атап өтті.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды egov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығында тапсыруға болады.

Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға