Жаңалықтар

Көмірсутектерді геологиялық барлауға 82,5 млн доллар инвестиция салынған

Көмірсутектерді геологиялық барлауға 82,5 млн  доллар инвестиция салынған
Фото: t.me/KZgovernment 03.12.2024 11:02 408

Бүгінгі Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов көмірсутектер саласындағы геологиялық барлауға бағытталған инвестициялар көлемі туралы хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Қазақстанның зерттелмеген немесе аз зерттелген әлеуетті ресурстарға ие екенін атап өтті. Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

2024 жылы әзірленіп жатқан өзгерістер:

өз қаражаты есебінен аз зерттелген аумақтарда геологиялық зерттеуді жүзеге асыратын инвесторларға жер қойнауын пайдалануға басым құқықты қамтамасыз етуге;

көмірсутектер саласында ұлттық компаниялардың қызығушылығы жоқ учаскелерді іске асыру және игеруге мүмкіндік береді.

Түзетулер жер қойнауының тиісті учаскесі жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген күннен бастап тікелей келіссөздер жүргізу бойынша өтініш беруге ұлттық компанияларды 3 жылдық кезеңмен шектеуге бағытталған. Көрсетілген мерзімде ұлттық компаниялардан өтініштер болмаған жағдайда, учаске аукционға шығарылатын болады. Кен орындарын тезірек игеруге тарту мақсатында бір келісімшарт бойынша барлаудан бағалауға, ал он келісімшарт бойынша барлаудан өндіруге көшу жүзеге асырылды.

Биыл 2 электронды аукцион өткізіліп, 15 учаске іске асырылды. Қол қою бонусының түпкілікті көлемі 32,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде бүгінгі таңда бюджетке 9,1 млрд теңге түсті. Геологиялық барлауға салынған инвестиция көлемі – 82,5 млн доллар, — деді Ерлан Ақкенженов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға