Колумбиядағы Гран-при: шпагашылар халықаралық сынға қатысады
01.05.2024 04:15
Фото:
©ҚР ҰОК/Сали Сабиров
3-6 мамыр аралығында Колумбияның Кали қаласында шпагамен семсерлесуден Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, әлемдік жарысқа Қазақстан командасынан төрт спортшы қатысады.
Олар:
Элбмир Алимжанов
Вадим Шарлаимов
Ерлік Сертай
Руслан Курбанов
Гран-при турнирінде командалық жарыс өткізілмейді. Спортшылар тек жекелей сында өнер көрсетеді.
Айта кетелік, аталған төрттік биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарында бақ сынайды. Семсерлесуден Қазақстан командасы тарихта тұңғыш рет жазғы ойындарға командалық есепте жолдама алған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

