Жаңалықтар

Колледждерде 133 мамандық және 164 біліктілік бойынша лицензиялар жойылды

Оқытуы сапа стандарттарына сәйкес келмейтін мамандықтар лицензияларының күші жойылды
Колледждерде 133 мамандық және 164 біліктілік бойынша лицензиялар жойылды
Фото: pixabay.com 02.11.2022 11:51 1653

2022 жылдың басынан бері 57 қазақстандық колледж 133 мамандық пен 164 біліктілік бойынша лицензияларға қосымшаларды қайтарды, деп хабарлайды El.kz.  Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Оқытуы сапа стандарттарына сәйкес келмейтін, кадрлар даярлауға жағдай жасалмаған немесе нарықта сұранысқа ие емес мамандықтар бойынша лицензиялардың күші жойылды.

Көптеген колледж білім беру ұйымының бейініне сәйкес келмейтін мамандықтар бойынша лицензияларды қайтарды. Мысалы, педагогикалық колледжде заңгерлерді, ал экономикалық колледжде мұғалімдерді даярлауға лицензияның қосымшасы болған. Сондай-ақ кейбір колледждер қажетті оқу құралдарынсыз мамандар дайындап келген.

«Оқу-ағарту министрлігі колледждердің профилі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Кадрларды даярлау үшін жағдайлар жоқ бейінді емес мамандықтардың лицензияларын қайтару ТжКБ ұйымдарына «сұранысқа ие» және бейінді мамандықтарға назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру үшін қажет. Білім алуға қажетті жағдай жасалмаған, құрал-жабдықтар, шеберханалар, мұғалімдер мен оқытушылар жоқ колледждерде мамандықтарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға