Жыл сайын қазақстандық колледждерде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам маман даярланатын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігінің мүдделі мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың өкілдерімен, құрылыс саласы кәсіпорындарының басшыларымен, жергілікті атқарушы органдармен және техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар басшыларымен еліміздің құрылыс саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бірлескен отырысында белгілі болды.Вице-министр Еділ Оспанның айтуынша, бүгінде құрылыс саласы үшін кадрлар даярлау еліміздің 224 колледжінде жүргізілуде. Онда 22 мыңға жуық адам оқиды, оның 88%-ы мемлекеттік білім тапсырысы бойынша.

