pexels

Көліктің қозғалтқышын жылдам бұзатын негізгі себеп аталды

08.08.2025 15:10

Қозғалтқыштағы май қысымының төмендеуі оның тез істен шығуына себеп болады. Кей жағдайларда бұл тіпті өртке ұласуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мамандардың айтуынша, егер аспаптар панелінде май қысымының төмен екенін білдіретін индикатор жанса, көлікті жүргізуге қатаң тыйым салынады. Өйткені қозғалтқыштағы майдың болмауы оның бөлшектерін майлаусыз қалдырады да, тез тоздырады.

Май қысымы жоқ болса, қозғалтқыштың толық істен шығуына дейінгі уақыты өте аз. Бұл процесс кейде өртпен де аяқталуы мүмкін.

Майдың жетіспеуі ең алдымен иінді біліктің және оның мойынтіректерінің бұзылуына әкеледі. Кейін майланып, салқындатылатын барлық бөлшектер істен шыға бастайды: поршеньдер, май сорғысы, цилиндр блогы, таратқыш және баланс біліктері, газ тарату механизмінің тізбегі және қозғалтқыштың өзге элементтері.

Сарапшылар егер көлікте электронды май деңгейін өлшейтін құрылғы орнатылған болса және «1 литр май қосу қажет» деген ескерту шықса, қозғалысты жалғастыруға болады, бірақ ең жақын сервистік орталыққа, дүкенге немесе жанармай бекетіне дейін ғана барып, майды толтыру керектігін айтады.