Көлікті мас күйінде жүргізген: Павлодарда мектеп директоры қамауға алынды
19.09.2023 14:05
Фото:
El.kz/Арман МУХАТОВ
Павлодар облысындағы ауылдық орта мектептің директоры автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға осы жылдың 15 қыркүйегінде болды. Әкімшілік іс қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотта қаралды.
Сот отырысында ер адам алкогольді ішпегенін түсіндіріп, өз кінәсін мойындамады. Сонымен қатар, сотта жүргізушінің дәлелдері сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, лауазымды тұлғаның түсіндірмесімен және полицейдің жетонындағы бейнежазбамен жоққа шығарылды, – делінген хабарламада.
15 тәулікке әкімшілік қамауға алудан басқа, директор жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

