Көлік жуу маңында өрт шығып, үш газ баллоны жанып кетті
06.02.2025 03:36
Фото:
© Pixabay.com
Павлодарда көлік жуу орны маңында өрт шықты. Оқиға бүгін 6 ақпан түнгі уақытта Бекмаханов көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай ондағы жылытқыш жанып, көлемі 50 литрлік үш газ баллоны лаулап жанған. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер, құтқарушылар және ТЖМ АМО бригадасы жетті.
Төтеншеліктер газ баллондарын шығарып, дер кезінде жарылыстың алдын алды. 10 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

