Жаңалықтар

Көлік салығын уақытында төлемегендерге хабарлама жіберілді

Көлік салығын уақытында төлемегендерге хабарлама жіберілді
Фото: elements.envato.com 04.04.2023 17:29 1094

2022 жыл үшін жеке тұлғалардың көлік құралдарына салықты төлеу мерзімі аяқталды. 4 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

1 АЕК көрсеткіш (3 450 теңге) мөлшерінен артық төленбеген салық берешектері бойынша хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң салық бұйрықтары шығарылып, 5 жұмыс күнінен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі. Одан басқа, 4 сәуірден бастап салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі, - делінген хабарламада.

Осылайша, артық шығындар мен қиындықтарды болдырмау үшін салық бойынша берешек бар болған жағдайда салық пен өсімпұлды салық бұйрығын жеке сот орындаушыларына жібергенге дейін төлеуге кеңес береміз (мамыр айының үшінші онкүндігіне дейін).

Салықтық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді  «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы (AppStore, PlayMarket) арқылы тексеруге болады: «e-Salyq Azamat»→Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға