Жаңалықтар

«Көлік құрылысы» бойынша алғашқы PhD докторы дәрежесі берілді

«Көлік құрылысы» бойынша алғашқы PhD докторы дәрежесі берілді
Фото: gov.kz 30.03.2023 11:37 997

Докторлық дәрежені «ҚазжолҒЗИ» АҚ және «Қазақ автомобиль-жол институты» өкілдері алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ИИДМ-не сілтеме жасап.

2023 жылдың наурыз айында халықаралық білім беру корпорациясының базасында «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша алғаш рет PhD докторы дипломдары табыс етілді. Ғылыми дәреже Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының вице-президенті Айдос Елшібаевқа және Қазақ автомобиль-жол институтының мансап орталығының директоры Дәурен Есентайға берілді. 

Айдос Елшібаев «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Жас ғалым, «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті өзінің ғылыми жұмысында асфальтбетондар мен полимерасфальтбетондардың төмен температуралық сипаттамалары (беріктігі, бұзылу деформациясы, климаттық кернеу) тақырыбын зерттеді.

Осылайша, республика бойынша тарихта алғаш рет көлік құрылысы мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесі берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға