Көлік полицейлері есірткі тасымалдаған шетелдік азаматты ұстады
Мөлдір Қайнар тілші
Көлік полицейлері есірткі тасымалдаған шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік полицейлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Абай облысының Ауыл станциясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Новосібір – Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызында 28 жастағы шетелдік азаматты анықтап, ұстады.
Қызметтік-іздестіру иті осы жолаушыға белгі беріп, жеке тінту кезінде одан марихуана табылды. Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот шешімімен күдіктіге 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

