Көлік өзенге құлап, 5 адам суға ағып кетті
Мөлдір Қайнар тілші
19.06.2024 14:19
Фото:
видеодан алынған кадр
Өзбекстанда Сырдария облысындағы Оңтүстік Мырзашөл каналына көлік түсіп кетіп, ішінде болған бес адам суға ағып кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Nexia автокөлігін тізгіндеген жүргізуші көпірде рөлге ие бола алмай, суға құлаған. Жүргізушіден бөлек, көлікте төрт адам болған.
ТЖМ қызметкелері мен сүңгуірлер автомобильді судан алып шықты. Оның ішінде жүргізуші мен үш жолаушының денесі болған. Бесінші адамның денесін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

