Жаңалықтар

Көлік министрі жұмыс сапарымен Атырау облысына келді

Көлік министрі жұмыс сапарымен Атырау облысына келді
Фото: gov.kz 22.10.2023 16:01 540

Марат Қарабаев Атырау қаласын Каспий теңізінің порттарымен байланыстыратын Орал-Каспий каналының жұмысымен танысты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Каналдың жалпы ұзындығы 56 шақырымды құрайды. Биыл проблемалық учаскелерде (48-50 км) теңіз бөлігіндегі каналда тереңдікті қамтамасыз ету үшін 70 мың текше метр көлемінде түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «Қазақстан су жолдары» РМҚК өкілдері айтып берді. 

1942 жылға дейін каналдың ұзындығы 46,5 км болған, оның теңіз бөлігі 11,7 км құрады. Өзен бөлігіндегі бастапқы өту тереңдігі 1,8 метр, ал теңіз бөлігінде 2 метр болды. Әрі қарай теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты каналдың ұзындығы артып, 1972 жылы 56 км құраған.

Арнаны кеме қатынасы үшін пайдалану мақсатында 2004-2005 жылдары қайта құру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде теңіз бөлігінің тереңдігі 4 метр, өзен бөлігінде 3,6 метр болды. Кеме жолдарының габариттерін ұстап тұру үшін келесі жылдары түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға