Көлік министрі өңірлердегі жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының орындалу барысымен танысуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облысаралық және ауданаралық 10 мың шақырым жол орта жөндеуден өтуі тиіс. Дәл осы бағыттағы жолдармен халық жиі қатынайды. Ел Президенті қойған тапсырманың орындалуы аясында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев өңірлерге жұмыс сапарымен шықты.
Бүгін министрдің Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысы бағытындағы жұмыс сапары басталды.
Алғашқы маршрут Ақтаудан Атырауға дейін. “Ақтау-Жетібай-Шетпе” аралығындағы орташа қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жай-күйі тексерілді. Ағымдағы жылы республикалық маңызы бар А-33 "Доссор-Бейнеу-Сайтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автомобиль жолын жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайтын 632-662 шқ және 662-692 шқ учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Көлік министрі өңірлердегі жол жөндеу жұмыстарын тексерді
09.09.2024 00:16
Фото:
Көлік министрлігі
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

