Жаңалықтар

Көлік министрі Абай облысының тұрғындарымен кездесті

Көлік министрі Абай облысының тұрғындарымен кездесті
Фото: Көлік министрлігі 28.09.2024 09:53 370

Өңірлерге жұмыс сапары аясында көлік министрі Марат Қарабаев Абай облысының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге 50 жуық тұрғын келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс тұрғындары республикалық маңызы бар жолдардың құрылысы мен жай-күйі, теміржол саласы, көліктік инспекция қызметкерлерінің еңбегі және автопарктердің жұмысы туралы бірқатар сұрақ қойды.

Марат Қарабаев жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" тасжолының құрылысы биыл аяқталатынын айтты.

Асфальт төсеу жұмыстары аяқталды, қазіргі таңда көпірлер мен жол өтпелеріндегі құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Мәселен, Жетісу өңірінен Аягөз қаласына дейін асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Аягөз қаласының айналма жолындағы үлкен жеті аралықты көпірдің құрылысы аяқталуға жақын және жол айрығының құрылысы толық аяқталды. Сондай-ақ, Жаңғызтөбе станциясының ауданында темір жол арқылы өтетін жол өтпесін салу жұмыстары жүргізілуде. Қалбатау кентіне жақындағанда Шаш өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жұмыстары аяқталуда.

Ал 415 шақырымды құрайтын "Қалбатау-Майқапшағай" күре жолының құрылысы келесі 2025 жылы аяқталмақ. Алайда биыл аталмыш жолдың Абай облысына қарасты 140 шақырымдық "Қалбатау-Көкпекті-Тассай" күре жол учаскесінде қозғалыс ашылады. Биыл мамандар асфальт төсеп, жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, Марат Қарабаев "Семей-Өскемен" автожолымен жүріп өтті. Жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық автожол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Мамандар жолдың бірқатар учаскесін жөндеп жатыр, қалғандарын 2025-2026 жылдар аралығында жөндеу жұмыстарымен қамтиды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға