Жаңалықтар

Көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы азамат айыппұл арқалады

Көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы азамат айыппұл арқалады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 15.01.2025 15:33 217

Петропавл тұрғыны көлігін 5 минуттан артық қыздырамын деп айыппұл арқалады. Оны көршілері "ұстап" берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамның өзі хаттаманың скриншотын әлеуметтік желілерде жариялап, полицияға шағымданған көршілеріне "алғысын" білдірді. Ол 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Өңір тұрғындары айыппұлдың бұл түрімен мүлдем келіспейді. Ауа температурасы кейде 40 градусқа дейін төмендейтін аймақ үшін көлікті 5 минутта жылыту мүмкін емес. Яғни өңірдің ерекшелігі есепке алынбаған. 

ІІМ қозғалтқышты ұзақ уақыт жылытуға тыйым салу 20 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқанын еске салды.  Бірінші жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал қайталап бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға