Көктемгі су тасқынынан кейін 233 жол учаскесі қалпына келтірілді
24.09.2024 11:15
Фото:
t.me/KZgovernment
Көктемгі су тасқыны нәтижесінде Қазақстанда республикалық маңызы бар трассалардың 122 учаскесінде жол жиектері мен жол төсемі шайылып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай деректерді Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев келтірді. Қазіргі уақытта оларды қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жөндеуге қажетті қаражат толық көлемде бөлінген.
Жергілікті маңызы бар жолдар туралы айтатын болсақ, мұнда Көлік министрлігінің мәліметінше, 414 учаскеде бүліну тіркелді. Жергілікті бюджеттер есебінен оның 233–де жұмыс толығымен аяқталды. Қалпына келтіру жұмыстарының қалған бөлігін құрылыс маусымының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

