Жаңалықтар

Көктемгі егін егу маусымы басталды

Көктемгі егін егу маусымы басталды
Фото: El.kz 26.05.2023 19:00 1256

Ауыл шаруашылығы министрі Ербал Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында биылғы егін науқанындағы жоспармен таныстырды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бүгінде егін науқаны еліміздің барлық өңірінде басталып, 13 млн гектар астық егілген. Әзірге жоспардағы астықтың 62 пайызы ғана егілді.

«Оның ішінде дәнді-дақылдар 9,5 млн гектар немесе жоспардың 61 пайызын құрайды. Майлы дақылдар 1,9 млн гектар немесе жоспардың 58 пайызы егіліп болды. Көкөніс, бақша дақылдары 248 мың гектар немесе 90 пайыз жоспар орындалды. Картоп 163 мың гектар немесе 83 пайызға жұмыс аяқталды», - дейді министр.

Әкімдіктердегі деректерге сәйкес, егіс алаңы 23,4 млн гектар құрайды. Ол 2022 жылғы деңгейден 68,6 млн гектарға көп. Оның ішінде жаздық егіс алаңы 20,9 млн гектар болып табылады. Дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың егіс алаңдары 117 мың гектарға, азықтық дақылдарды 36,5 мың гектарға және қант қызылшасын 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр.

Министрдің сөзінше, жалпы астық, көкөніс, бақша және картоп бойынша келісілген биылғы жоспар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді.

«Шаруалар барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқыммен агрохимиямен техникамен қамтамасыз ету, қаржыландыру мәселелерін үйлестіру мақсатында республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрамында барлық мүдделі органдар бар», - дейді ол.  

2023 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінен тұқым шаруашылығын субсидиялауға 11,4 млрд теңге көзделген. Көктемгі науқанға 149,8 мың трактор бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын 4,9 мыңнан астам жоғары өнімді егіс кешендері, сондай-ақ 76 мың сепкіш қолданыста бар.

Техниканың жанар-майына ақпан-маусым айларында 419 мың тонна дизель отыны бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тоннаға артық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға