Жаңалықтар

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды
01.03.2023 15:32 2553

Бұл туралы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында  Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Шұбайұлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгіннен бастап жергілікті атқарушы органдардың 195-ші әскерге шақыру пункттерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын бастады. Оған әкімдердің орынбасарлары басшылық етеді. Наурыз бен шілде айлары аралығында әскерден босаруға рұқсаты жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 18 мыңнан астам жастар әскер қатарына шақырылады. Оның ішінде қарулы күштерге 7 мынана астам, Ұлттық ұланға 6 мыңнан астам, ҰҚК Шекара қызметіне 3 мыңнан астам, ТЖМ 3 жүзден астам, Мемлекеттік күзет қызметіне 80-нен астам адам толықтырылады», – деді Бауыржан Артықов.

Оның айтуынша әскер қаратына шақырушылардың мекен жайына, жұмыс орындарына және ұялы телефонына СМС-хабарламасы арқылы да шақырту жіберілетін болады.

Сондай-ақ Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев кімдердің әскер қатарына шақырудан босатылатынын айтты.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірнеше санатағы азаматтар әскер қатарына шақырудан босатылады. Олардың қатарына ата-анасының жалғыз асыраушысы, Ата-ансынан айырлығандар немесе ата-анасы ата-ана құқығынанан айырылғандар, депутаттар жатады», – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Оның айтуынша, азаматтарды әскери есепке қою мен шығару мәселесі де алдағы уақытта автоматты тұрде  жұмыс жасайтын болады.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға