Жаңалықтар

Көктайғақ, тұман, жел: 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Көктайғақ, тұман, жел: 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: © Pixabay.com 16.01.2024 07:14 654

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысы

16 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 16 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Алматы облысы

16 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы қ.: 16 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Қонаев қ.: 16 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысы

16 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

16 қаңтарда түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

16 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысы

16 қаңтарда Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Талдықорған қ.: 16 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысы

15 қаңтарда күннің екінші жартысында Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, 16 қаңтарда тауларында қатты қар сақталады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 15 қаңтарда күндіз қатты қар сақталады. 16 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Түркістан қ.: 16 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға