Жаңалықтар

Көктайғақ, қар, тұман: 13 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Көктайғақ, қар, тұман: 13 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: © Pixabay.com 13.11.2023 05:22 664

Қазгидромет 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Түркістан облысында оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с. 

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға