Көкшетаулық студенттер жасөспірімді қорқытып, микрокредит алғызған
12.04.2025 17:33
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Көкшетауда үш студент колледжде оқитын жасөспірімнен ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, олар 2006 жылы туған бозбаланы қорқытып, оның атына 175 мың теңгеге микрозайм ресімдеуге мәжбүрлеген, кейін алынған ақшаны өздеріне беруді талап еткен.
Күдіктілердің жасы 19 бен 20 аралығында, барлығы да – студенттер. Жергілікті полиция департаменті олардың жәбірленушімен әртүрлі оқу орындарында оқитынын нақтылады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр және күдіктілердің басқа да құрбандары болған-болмағанын тексеруде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

