Ақмола облыстық ТЖД

Көкшетауда үй аумағындағы монша өртенді

Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйдің аумағында жеке монша өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға орнына шұғыл түрде өрт сөндірушілер жеткен. Қызыл жалын аумағы - 25 шаршы метр. Төтеншеліктердің жедел әрекетінің арқасында өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.