ІІМ-нің баспасөз қызметі

Көкшетауда ұсталған есірткі курьері 7 жылға сотталды

15.07.2025 07:34

Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткіні заңсыз сатуға қатысы бар 24 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ІІМ-нің мәліметінше, оның мессенджер арқылы ұсынысқа келісіп, қала аумағында психотроптық заттарды жасырып кету әдісімен тарату арқылы табыс табуды көздегені анықталған. 

Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде заңсыз әрекет уақытылы анықталып, жолы кесілді. Күдіктіні ұстау барысында одан бөлшектеліп оралған ірі көлемдегі мефедрон тәркіленді, - деп жазылған ІІМ мәліметінде. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, сот қаскүнемді 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кескен.