El.kz

Көкшетауда ТЖМ құтқарушылары балықшыларды аман алып қалды

Ақмола облысының Көкшетау қаласында Қопа көлінде резеңке қайықпен балық аулауға шыққан екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алайда қамыстың арасына кіріп, өз бетінше жағаға жете алмай қалған соң, олар 112 қызметінен көмек сұраған. Жағадан 50 метр қашықтықта жедел жеткен құтқарушылар 1979 және 1980 жылы туған екі адамды тауып, оларды жағаға шығарды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.